(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.13.02 № 148 ҚАУЛЫСЫ
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды
тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 148 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 14 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөнінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және екінші деңгейдегі банктер арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім);
2) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейдегі банктерде қаражатты орналастыру туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы Бас келісімнің (бұдан әрі — Бас келісім) жобалары мақұлдансын.
Редакция документа
Демо – версия документа