Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 117 Бұйрық

«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 117 Бұйрық

 

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4354 болып тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 (1146) «Заң газеті» газетінде жарияланған)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесінде:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аттестаттау - Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аудиторлыққа кандидаттардың білімін және дағдыларын Ереженің 6-тармағында көрсетілген пәндер бойынша біліктілік емтихандар қабылдау арқылы анықтау рәсімі;»;

2) тармақшада «білімін тексеру» деген сөздер «білімін мен дағдыларын тексеру нысаны» деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақшада «аудит саласында тәжірибелік қызмет үшін қажетті аудиторлыққа кандидаттың білімін, дағдысы мен іскерлігін тексеруді ескере отырып» деген сөздер «аудиторлыққа кандидаттың аудиторлық қызмет саласында қажетті білімін және дағдыларын тексеру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта «соңғы 5 (бес) жылдың» деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайынғы бекітілетін жұмыс жоспарларына сәйкес әр 3 (үш) айда, жылына 4 (төрт) рет жүргізіледі.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:

бухгалтерлік есеп;

қаржы және қаржы менеджменті;

салық және салық салу;

азаматтық құқық;

банктік іс;

сақтандыру және зейнетақы заңнамасы;

аудит.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку