«Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19 Нормативтік қаулысы
«Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысына (2006 жылғы 23 шілдедегі және 2007 жылғы 25 желтоқсандағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 29-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«АІЖК 392-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 394-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, бір жылдық мерзімі өткізіліп және оны қалпына келтіру туралы өтінішсіз берілген қадағалау шағымы оны берген тұлғаға қайтарылады.»;
төртінші абзацтағы «қадағалау шағымының иесіне дәлелді жауап қайтарылады» деген сөздер «АІЖК 392-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 394-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
Демо – версия документа