Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1235 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы №106 қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1235 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 5 ақпандағы №106 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1235 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат жеткізгіші бар (сипаттама) паспортының үлгісінде:

9-тармақта:

үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

«3-бетте тігінен мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:

МӘЛІМЕТ/OBSERVATІONS»;

Мемлекеттік және орыс тілдерінде:

«ҰЛТЫ/НАЦИОНАЛЬНОСТЬ»

деген жазу орналасқан;

Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ұлты иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.».

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.МӘСІМОВ

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку