(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.28.08 № 786 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінін кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 786 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
01 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
052 «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
101 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ды несиелендіру» кіші бағдарламасы алынып тасталсын;
053 «Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
100 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» кіші бағдарламасында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын;
101 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» және 102 «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» кіші бағдарламалары алынып тасталсын;
Редакция документа
Демо – версия документа