(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ДӘРІГЕРЛІК КУӘЛІК БЕРУ» СТ...
Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 6 ақпандағы
№ 24 қаулысымен
Бекітілген
«Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік беру»
Мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті - қайтыс болу жағдайын куәландыратын медициналық құжаттаманы беру.
Жоғары тұрған мемлекеттік орган - Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау департаменті.
Тұтынушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, жақын және алыс шетел азаматтары, барлық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар мен кәсіпорындар.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы № 520 «Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы» бұйрығы негізінде беріледі.
1) Ақтөбе қаласы, Жамбыл көшесі 1 үйде орналасқан, электрондық мекен-жайы priem64@mail.ru, tyberpr@mail.ru, «Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ММ);
2) Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесі 7 үйде орналасқан, электрондық мекен-жайы bsmp_aktobe@mail.ru, «Жедел медициналық көмек ауруханасы» Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны (бұдан әрі МКҚК);
3) Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 3 үйде орналасқан, электрондық мекен-жайы ginat@mail.kz, «Қалалық перинаталдық орталық» МКҚК;
4) Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ көшесі 41 үйде орналасқан, электрондық мекен-жайы akto_odkb@mail.ru,«Облыстық клиникалық балалар ауруханасы» МКҚК;
5) Ақтөбе қаласы, Садовая көшесі 36А үйде орналасқан, электрондық мекен-жайы mct@akparat.kz, «Көліктің медицина қызметі» АҚ Ақтөбе филиалы;
6) Ақтөбе қаласы, Жамбыл көшесі 1А үйде орналасқан, электрондық мекен-жайы жоқ, «Патанатомия бюросы» ММ;
7) Ақтөбе қаласы, Есет-батыр көшесі 85 үйде орналасқан, электрондық мекен-жайы жоқ, «Ардагер» емханасы" ММ;
Редакция документа
Демо – версия документа