Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1306 Қаулысы (2015.31.12. берілген өзгерістермен)

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1306 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы деп белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;

3) кәсіпорынның құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1193 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы кәсіпорын әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1193 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции