Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1267 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1267 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 502-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасында:

«Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 10-бөлімде:

реттік нөмірі 8-жолдың 5-бағанында «2008» деген сандар «2010» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 16-жолда:

4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, БҒМ, СА, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:

«

30-1.

Сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарын тарту және халық пен бизнес орта арасында ұйымдастыру-түсіндіру іс-шараларын жүргізу жолымен ірі қалаларда оларды сату кезінде төлем карточкаларын қолдануды кеңінен енгізуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 5 қаңтар,

5 шілде

 

 

«;

реттік нөмірі 46-жолда:

4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«ЭБЖМ (жинақтау), АШМ, Қаржымині, СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)»;

ескертпе мынадай мазмұндағы аббревиатуралармен толықтырылсын:

«ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку