Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 Қаулысы

Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 Қаулысы

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 475 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 254-құжат):

2-тармақтың 2) тармақшасындағы «жүзеге асыру» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру»;

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы».

4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку