Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1269 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1269 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:

14-тармақтың екінші абзацындағы «1 қаңтардан» деген сөздер «15 шілдеден» деген сөздермен ауыстырылсын;

15-тармақтың екінші абзацындағы «2009» деген цифрлар «2010» деген цифрлармен ауыстырылсын;

16-тармақтағы «2009 жылғы 1 қаңтарға» деген сөздер «2010 жылғы 15 шілдеге» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.МӘСІМОВ

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку