Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № 1024 Қаулысы (2014.18.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және
2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № 1024 Қаулысы

(2014.18.04. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:

үшінші абзац «құрамына» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

 

Қосымша. ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции