(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ
олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысы
(2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 22 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Ұлттық почта операторына арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:
меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті;
ағымдағы өтімділік коэффициенті;
ашық валюта позициясының лимиттері.
2. Меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық почта операторының меншік капиталының өз активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12 № 280 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Меншік қаражатының жеткіліктілігі коэффициентінің ең аз мәні 0,10-нан, 2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 0,12-ден кем болмауға тиіс.
4. Ұлттық почта операторының меншік капиталы мыналардың сомасы ретінде есептеледі:
төленген жарғылық капитал (ақшалай төленген сома шегінде);
қосымша капитал;
өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер);
ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі;
олардан:
Редакция документа
Демо – версия документа