Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 692 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 692 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:

«Ахметов

Серік Нығметұлы

- Қазақстан Республикасының Көлік және

коммуникация министрі»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Арыстанов

Аркен Кеңесбекұлы

- Қазақстан Республикасы Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының қызметін

реттеу агенттігінің төрағасы».

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку