Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі № 64-ІV Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №6, 141-құжат; 2001 ж., №8, 53-құжат; №15-16, 239-құжат; №17-18, 245-құжат; №21-22, 281-құжат; 2002 ж., №4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., №5, 22-құжат; №23, 139-құжат; №24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., №13, 53-құжат; №21-22, 87-құжат; №24, 123-құжат; 2006 ж., №2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., №1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат):

1) 290-баптың екінші бөлігіндегі «Облыстық» деген сөздің алдынан «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың,» деген сөздермен толықтырылып, «облыстық» деген сөз кіші әріппен жазылсын;

2) мынадай мазмұндағы 290-1-баппен толықтырылсын:

«290-1-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соттың  соттауына жатқызылған қылмыстық істер

1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына:

1) облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында және үшінші бөлігінің в) тармағында), 121-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында және үшінші бөлігінің в) тармағында), 122, 124, 131, 132, 133, 134, 135-баптарында, 136-бабында (бірінші бөлігінде), 137, 138, 139-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатқызылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку