ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003.28.04. № 407 ҚАУЛЫСЫ (БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Осы редакция 2008 жылғы 13 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезiнде
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесi
(ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1207 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асырудың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) республика аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелу мен таратудан қорғау, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жануарларға және қоршаған ортаға қауiп төндіретiн бақылауда болатын жүктердiң басқа мемлекеттерден әкелiнуiн болдырмау мақсатында "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңы 20-бабының 8-тармағына сәйкес әзiрленді.
2. Осы Ереже мемлекеттік шекара арқылы алып өтiлетiн мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктерге (бұдан әрi - қадағалау жүктерi) қолданылады.
2. Бақылаудағы жүктердi алып өту кезiнде бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары
Редакция документа
Демо – версия документа