Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 409 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 409 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында (бұдан әрі - Жоспар):

«Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер» деген 1-бөлімде:

он үшінші абзацтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру»;

«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:

2-тармақтың атауындағы «Ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және» деген сөздер алынып тасталсын;

2-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету

Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Қазына» ОДҚ» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі - АӨК) кредит беру үшін орналастырылатын қаражатты мақсатты пайдалану шарттарында депозиттерді ЕДБ-да орналастыратын болады.

Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер ЕДБ қаражатын орналастырған сәттен бастап 14 айға дейінгі мерзімде орналастырылатын болады.

Осы бағдарлама бойынша мынадай:

кең және жан-жақты таратылған филиалдық желілері;

АӨК субъектілеріне кредит беру саласында жұмыс тәжірибесі бар;

қаражатты іске асыру және орналастыру үшін жеткілікті персоналы болатын;

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалдық нормативтерін, Қазақстандық қор биржасының талаптарын сақтайтын;

қаржылық жағдайы тұрақты банктермен жұмыс жүргізіледі.

ЕДБ арасында қаражатты орналастыру көлемі АӨК-нің басым субъектілері бойынша ашық кредиттік желілерінің болуына және әрбір банкке арналған лимитке байланысты әрбір банк үшін жеке айқындалатын болады.

Агент-банктер осы бағдарламаны іске асыру барысы туралы ай сайын «Қазына» ОДҚ» АҚ-ға есеп береді.

Қарыз алушы үшін түпкі ставка жылына 16%-дан аспауға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін бөлінетін қаражатты нысаналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қазына» ОДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында тиісті шарттар жасалатын болады. Осы операциялар барысында ЕДБ-ға түсетін қаражат АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылуы тиіс, бұл ретте ақ қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс және жеміс өнімдерін, ет, сүт өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға басымдылық берілетін болады.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ЕДБ-мен, салалық одақтармен, қауымдастықтармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, қаржыландыру үшін ұсынылатын АӨК субъектілерінің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.

Тұтастай алғанда осы міндеттерді орындау елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге, ішкі қажеттіліктегі импорт үлесін азайтуға және азық-түлік нарығын импорттық экспансия тәуелділігінен арылтуға мүмкіндік береді.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоспарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында:

2-бөлімнің тақырыбындағы «ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:

«

2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету

6-4

АӨК субъектілерін қаржы-

ландыру жөніндегі қаражатты негізді орна-

ластыру шарттарын жасасу

«Қазына «ОДҚ» АҚ

мен ЕДБ арасында

тиісті шарттар

жасасу

«Қазына «ОДҚ» АҚ,

ЕДБ (келісім бойынша)

2008 жылғы

сәуір -мамыр

Талап етілмейді

 

6-5

АӨК субъектілеріне ЕДБ-нің

кредит беруі

Кредиттік шарттар

ЕДБ (келісім бойынша)

2008 жылғы

1 шілдеге дейін

«Қазына «ОДҚ» АҚ-

ның келісілген

депозиттері

шеңберінде

«Қазына «ОДҚ»

АҚ-ның

қаражаты

6-6

ЕДБ-нің қаражатын пайдалану мониторингі

«Қазына «ОДҚ»

АҚ-на есеп

ЕДБ (келісім бойынша)

Ай сайын

 

 

»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоспарды іске асыру жөніндегі ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:

мынадай мазмұндағы 1-1-бөліммен толықтырылсын:

«

1-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету

6-4

Қаржыландыру үшін ұсыныла-

тын АӨК субъектілерінің тізбесін қалыптастыру

АӨК субъектілерінің тізбесі

АШМ, ЕДБ

(келісім бойынша), қауымдастық, одақтар

(келісім бойынша)

2008 жылғы

сәуір

Талап етілмейді

  

»;

Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку