(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 15 ҚАЗАНДАҒЫ № 1127 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және
жекешелендіру комитетiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1127 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.11.04 ж. № 1119 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұр. ред. қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы облысының әкiмшiлiк орталығын көшiру туралы" 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 585 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Жетiсу мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Алматы мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi" мемлекеттік мекемесi оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Талдықорған мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi" мемлекеттік мекемесiн қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мекеменiң штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң штат саны лимитiнiң шегiнде анықтасын.
4. Көрсетiлген мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен және шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 28.11.04 ж. № 1119 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара )
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi № 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа