Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты (Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 24 қаулысымен Бекітілген) (2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2008 жылғы 6 ақпандағы

№ 24 қаулысымен

Бекітілген

 

 

«Миссионерлік қызметпен айналысатын
азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою»
мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Ақтөбе облысының әкімиятының 2008.3.12. № 410 қаулысымен бүкіл мәтің бойынша «департамент», «директор» деген сөздер тиісті септіктерде «басқарма», «бастық» деген сөздермен ауыстырылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы стандарт миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою тәртібін анықтайды. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (әрі қарай-миссионер) Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметпен есептік тіркеуден өткеннен кейін атқара алады. Есептік тіркеуден өтпеген жағдайда миссионерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:

Автоматтандырылмаған

3. Миссионерлік қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою мемлекеттік қызметі «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы 4-14-2 баптары, және де Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу тәртібін реттеу туралы жеке сұрақтары жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 28 қаңтарындағы № 136 қаулысының 3-1 тарау негізінде көрсетіледі.

4. Бұл мемлекеттік қызметті «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасі» ММ көрсетеді. (Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40)

Веб-сайт: www.akimat.info

5. Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тіркеуге (қайта тіркеу) қою мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции