Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АШМ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Осы редакция 2007 жылғы 28  қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2005 жылғы 6 сәуірдегі

№ 310 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже

(2007.02.03. берілген өзгерістерімен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң құзыретi шегінде өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Ережемен жүктелген балық шаруашылығы саласындағы арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомоство және уәкілеттi орган болып табылады.

Комитеттің аумақтық органдары - облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармалары, облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармалары бар.

2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:

1) балық шаруашылығы мәселелерi бойынша мемлекеттік және өңiрлiк саясатты, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды iске асыру;

2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауға, өсiмiн молайтуға әрi пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

3) балық шаруашылығын басқаруды және балық аулау мен балық өсiру-өсiмiн молайту қызметiн мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету болып табылады.

3. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында және банктерде шоттары болады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку