Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АШМ СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2005 жылғы 6 сәуірдегі

№ 310 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінiң Cу ресурстары комитетi туралы
ереже

(2006.22.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Ережемен өзiне жүктелген су қорын пайдалану және қорғау саласындағы арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң құзыретi шегінде ведомствосы және уәкілеттi орган болып табылады.

Комитеттiң аумақтық органдары - Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында бассейндiк су шаруашылығы басқармалары болады.

2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, экономиканың су секторын және жердi мелиорациялауды дамыту бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз ету;

2) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

3) халықтың және экономика салаларының қажеттілiктерiн қамтамасыз ету үшiн су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және оны қолдау болып табылады.

3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен ?кіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінiң органдары мен банктерде шоттары болады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку