Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 2 наурыздағы № 344 қаулысы

(2006.15.03. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат).

аталған қаулыға 1-қосымшада:

реттік нөмiрi 2-жолда:

2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi" деген сөздер Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Аэроғарыш комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-бағандағы "байланыстың геостационарлық спутииктерi орбиталарын пайдалану" деген сөздер алынып тасталсын;

реттiк саны 4-жолда:

2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгінiң жанындағы Атом энергиясы жөніндегi агенттiк" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөнiндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау, құру, пайдалануға енгізу, пайдалану, консервациялау және пайдаланудан шығару;

радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу;

ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку