Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 161 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 161 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

5-тармақта:

«Оразбаев Бірлік Есіркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;

Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;

Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

Ерғожин Дәулет Еділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»;

мына:

«Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.» деген жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку