Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 144 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 144 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 499 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары):

«1. Әр түрлі мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын құруға және ұшыруға арналған негіздерді әзірлеу» деген бөлімде:

реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«2007 жылғы IV тоқсан»;

«2. Әр түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыруға және басқаруға арналған жер үсті инфрақұрылымын дамыту» деген бөлімнің 16-жолы алып тасталсын;

«3. Қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы кезінде Халықаралық ғарыш станциясының бортында ғылы зерттеулер мен эксперименттер бағдарламасын әзірлеу» деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттері бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу»;

19-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Сұйық және қатты күйіндегі металл қорытпаларында термодиффузияны зерделеу»;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«110,452, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 50,0; 2006 - 40,0; 2007 - 20,452»;

реттік нөмірі 21-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары организмдер геніне ғарыштық ұшыру жағдайына ұқсас факторлар әсерінің молекулярлық-биологиялық тетіктерін зерттеу және ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы төзімді желілерін құру»;

реттік нөмірі 22-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары күш түсуі жағдайында адамды қорғаудың химиялық, биохимиялық және психофизиологиялық әдістерін әзірлеу»;

реттік нөмірі 23-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Адам организмінің бейімделу мүмкіндіктерін арттыратын, бағытталған медициналық-биологиялық қасиеттері бар биологиялық белсенді қоспалар мен мамандандырылған өнімдер әзірлеу»;

көрсетілген Іс-шаралар жоспарынан кейінгі мәтінде:

бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар барлығы 44364,75 млн. теңгені құрайды.»;

«Республикалық бюджет барлығы 44064,75 млн.теңге, оның ішінде 2005 жылы - 14861,2 млн.теңге.»;

алтыншы абзац алып тасталсын;

Ескертуде «АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешені» деген жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку