Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 527 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
 Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:

8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) валюталық интервенцияны жүзеге асырады;»;

13-тармақта:

1) тармақшада «және шетел банктерінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің шоттар ашу тәртібінің» деген сөздер алып тасталсын;

4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі мәміле паспорттарын ресімдеудің бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

5) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар береді және берудің, беруден бас тартудың, қолданылуын тоқтатудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;»;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) валюталық операцияларды тіркеу, валюталық операциялар туралы хабарлау және шетелдік банктерде шоттар ашу тәртібін белгілейді, тіркеу куәліктерін және хабарлау куәліктерін береді;»;

6) тармақша «және валюталық мониторинг жүргізеді» деген сөздермен толықтырылсын;

16-тармақта:

2) тармақшада «; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға» деген сөздер алып тасталсын;

9) тармақшада «және бухгалтерлік есеп стандарттары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы» деген сөздер «туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку