(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір
бұйрықтарына кедендік ресімдеу мәселесі жөнінде толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының
2004 жылғы 10 маусымдағы № 261 бұйрығы
Осы редакция 2007 жылғы 14 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 360 және 379-баптарына сәйкес, кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 қыркүйектегі № 416 бұйрығында (бұдан әрі Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 қазанда № 2517 тіркелген):
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақтың 3-тармақшасында:
жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі - ТЖБАЖ) желілерін пайдалана отырып кедендік бақылау жүргізу.
Тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам декларантқа ЖКД-да мәлімделген барлық автокөлік құралдары ТЖБАЖ желісіне енуі кезінде кедендік бақылау аймағынан жүруі қажеттігі туралы хабарлайды.
Бұл ретте тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам ЖКД-ның екінші данасын техникалық инспекциялауды жүргізу үшін "ТС - SCAN FMG" контейнерлік сканерлеу жүйесін пайдалана отырып тауарларды сканерлеуді жүзеге асырады.
Автокөлік құралдары ТЖБАЖ желісінен өтуі кезінде тауарларды шығаруды жүзеге асыратын лауазымды адам ЖКД-ның 35-бағанында мәлімделген мәліметтердің автокөлік құралдарының іс жүзіндегі салмағына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Редакция документа
Демо – версия документа