(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.08.02. № 90 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкіметінің өкілі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 90 Қаулысы
(2007.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2007 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 2007.27.08. № 739 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
2. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа