Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1380 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1380 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін мамандар даярлауды оңтайландыру және одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) оған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң колледжі» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Алматы заң колледжі) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын;

2) Алматы заң колледжінің білім алушыларының Академияда орта білімнен кейінгі бағдарлама бойынша оқуын аяқтауын қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын.

4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку