Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1290 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1290 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі« деген 5-бөлімде:

дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 550-жолда:

5-бағандағы «12037708» деген сандар «14106105» деген сандармен ауыстырылсын;

7-бағандағы «5091136» деген сандар «3977278» деген сандармен ауыстырылсын;

8-бағандағы «827633» деген сандар «1497005» деген сандармен ауыстырылсын:

9-бағандағы «471161» деген сандар «2984044» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 557-жолда:

7-бағандағы «4600000» деген сандар «5713858» деген сандармен ауыстырылсын;

8-бағандағы «2132759» деген сандар «1018901» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бағдарлама бойынша Жиыны» деген жолда:

8-бағандағы «170493592» деген сандар «170049106» деген сандармен ауыстырылсын;

9-бағандағы «30329519» деген сандар «32842402» деген сандармен ауыстырылсын;

2) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:

233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» әкімшісі бойынша:

029 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасында:

«Астана қаласында Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту» деген жолдағы «5091136» деген сандар «3977278» деген сандармен ауыстырылсын;

Астана қаласындағы Президент паркі деген жолдағы «4600000ә деген сандар «5713858 деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку