Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1238 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1238 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 94-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың 5-бағанында:

реттік нөмірі 1-жолда:

2) тармақшадағы «дауыстық ақпаратты сақтау және жазу жүйесін кеңейту;» деген сөздерден кейін «үздіксіз қоректендіру көзі; қозғалмалы объектілердің тұрған жерін автоматты түрде анықтау жүйесін кеңейту;» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку