(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2005.28.06. № 63-III ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Заңы
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар):
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);
он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы) түрiндегі ақшалай төлемдер;
2) бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлетті орган - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;
3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
4) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;
5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi;
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан өтiнiш беретін адам;
Редакция документа
Демо – версия документа