(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 14 ҚАРАШАДАҒЫ № 1204 ҚАУЛЫСЫ
Отандық өндiрушiлердi мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы
№ 1204 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 28 қарашададағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мемлекет мүдделерінің тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзуге жасасылған келісім-шарттардың, өнiмдi бөлу туралы келісімдердің орындалуына Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген операцияларды жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердің тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн міндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде мониторинг жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген операцияларды жүргiзу кезiнде отандық өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн міндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргізуге жасасылған келісім-шарттардың, өнiмдi бөлу туралы келісімдердiң орындалуы жөнiндегі қажеттi ақпаратты;
Редакция документа
Демо – версия документа