Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісім (2007 жылғы 6 қазан, Душанбе қаласы)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы
КЕЛІСІМ
(2007 жылғы 6 қазан, Душанбе қаласы)
2008 жылғы 24 қазандағы № 73-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
2009 ж. 15 қаңтарда күшіне енді
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер),
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (бұдан әрі - ҰҚШҰ) жауапты аймағында және шекаралас өңірлерде қауіпсіздік пен тұрақтылықтың ұжымдық негізінде қамтамасыз етуге өз талпынысын растай отырып,
БҰҰ Жарғысында бекітілген мақсаттар мен принциптерге, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне, халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларына адалдығы туралы мәлімдей отырып,
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартының мақсаттарын, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысын, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2004 жылғы 18 маусымдағы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бітімгершілік қызметінің тетігін қалыптастыру және қызмет ету тұжырымдамасы туралы шешімін басшылыққа ала отырып,
ҰҚШҰ мен оған мүше мемлекеттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі әлемдік қоғамдастықты күшейтуге тиімді түрде қатысуды қамтамасыз етудің маңыздылығына сүйене отырып,
бітімгершілік қызметіне ҰҚШҰ-ның қатысуы әлемдік және өңірлік істердегі оның халықаралық ұстанымын, беделін және саяси салмағын нығайтудың пәрменді құралы деп есептей отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде берілген терминдер мынаны білдіреді:
Демо – версия документа