Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 921 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 921 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Құру мақсаты» деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлтхолдингі» АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.»;

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары деген 2-бөлімде:

үшінші, төртінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ және қоғамдар қызметінің ашықтығы»;

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері» деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Қойылған мақсат шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері мынадай болады:

инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру;

аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту;

агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу;

агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту;

ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру;

корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру.

Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның функциялары» деген 4-бөлімде:

үшінші абзацтағы «қоғамдардың» деген сөзден кейін «стратегиялық» деген сөзбен, «жоспарларын» деген сөзден кейін «, инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді» деген сөздермен толықтырылсын;

оныншы абзац алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтармен толықтырылсын:

«қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу;

қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.»;

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-1-бөлімде:

бірінші абзацта:

«бір айда бір рет орта мерзімді негізде» деген сөздер «екі жылда бір рет ұзақ мерзімді негізде» деген сөздермен ауыстырылсын;

«кемінде жылына бір рет» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші абзацта «екі жылда» деген сөздер «айына» деген сөзбен ауыстырылсын;

үшінші абзацтағы «Компаниялардың» деген сөз «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ және қоғамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку