Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 937 Қаулысы (2009.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 937 Қаулысы

(2009.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі «Астана-Қаржы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті акцияларының жалпы санының 26,46 пайызы мөлшерінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

1) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2) «Астана-Қаржы» акционерлік қоғамының 26,46 пайыз мөлшеріндегі және»»ҚазАвиаЛизинг» акционерлік қоғамының 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеттерін бағалау жүргізуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

ҚР Үкіметінің 2008.05.12. № 1139 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. ҚР Үкіметінің 2009.27.07. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

реттік нөмірі 21-28 «ҚазАвиаЛизинг» ЖАҚ деген жол алынып тасталсын;

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 160-13-жол алынып тасталсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции