(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 2 НАУРЫЗДАҒЫ № 185 ҚАУЛЫСЫ
«Қазгидромет» және «Қазавиамет» мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.09.99 ж. № 1482 ; 05.12.03 ж. № 1240
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен )
Осы редакция 2007 жылғы 28 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы гидрометеорологиялық қызметі жұмысының тиімділігін арттыру, гидрометеорологиялық болжаулардың және табиғи ортаның іс жүзіндегі жай-күйі мен климаттың өзгеруі туралы ақпараттың сапасын жақсарту мақсатында, сондай-ақ азаматтық авиацияның метеорологиялық қамтылуын жүзеге асыру және әуе кемелері ұшуының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - «Қазгидромет» кәсіпорны) және шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - «Қазавиамет» кәсіпорны) бөлу арқылы қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет кәсіпорнының және «Қазавиамет» кәсіпорнының мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
3. «Қазгидромет» кәсіпорнының негізгі міндеттері мыналар болып белгіленсін:
1) қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжаулар әзірлеу және жасау;
2) қоршаған ортаға жүйелі гидрометеорологиялық байқаулар және қоршаған ортаның мониторингін жүргізу;
3) гидрометеорологиялық зілзала құбылыстары болуының ықтималдығы туралы ескерту жасау;
4) Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөніндегі республикалық деректер қорын жүргізу;
Редакция документа
Демо – версия документа