(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.04.12. № 1167 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 1167 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 17 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Стройастес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) қызметкерлерін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) беруші болып белгіленсін.
2. Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен Агенттіктің Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілетін қызметкерлері үшін саны 56 бірлік тұрғын үй-жайды (пәтерді) республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен төлеу жолымен жалпы сомасы 641424000 (алты жүз қырық бір миллион төрт жүз жиырма төрт мың) теңгеге:
2006 жылы - 229080000 (екі жүз жиырма тоғыз миллион сексен мың) теңге сомасындағы бастапқы жарнаны аванс ретінде енгізуге;
2007 жылы - тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) құнын 412344000 (төрт жүз он екі миллион үш жүз қырық төрт мың) теңге сомасында түпкілікті төлеуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын;
Редакция документа
Демо – версия документа