(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 4 НАУРЫЗДАҒЫ № 269 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және
2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 269 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Лицензиялау жүйесiн жетілдiру және лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
тақырыбы мен кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы»
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын iске асыру және лицензиялау жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
екiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде «білiктілiк» деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
бесiншi абзацта "мен Алматы қаласы" деген сөздер ", Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "мен Алматы қаласы" деген сөздер ", Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттік органдар белгілi бiр тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндiрушілердiң монополиялық жағдайына жол бермей бәсекелестiктің дамуына ықпал етсiн, лицензиялар беру рәсiмдерiнiң ашықтығын және тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етсiн.";
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жолдың 3-бағанында:
төртiншi абзацта ", суық қаруды" деген сөздер алынып тасталсын;
бесiншi абзац "уларды" деген сөздің алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа