(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1996 Ж. 18 МАУСЫМДАҒЫ № 9-I ҚР ЗАҢЫ
Экспорттық бақылау туралы 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9-I
Қазақстан Республикасының Заңы
(24.11.00 ж. № 105-II; 26.09.03 ж. № 485-II;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
ҚР 24.11.00 ж. № 105-II Заңымен тақырыбы және кіріспесі өзгертілді
Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiне, қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екi ұдай қолданылатын тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетiлетiн қызметке экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимiн нығайтудың негiздерi мен тәртібін белгiлейдi.
ҚР 24.11.00 ж. № 105-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
өнiм - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жабдық, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат;
екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрiлер, оның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткізу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдық, материалдар, шикiзат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;
жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық және ядролық қару;
жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткiзе алатын кез келген техникалық құралдар;
Редакция документа
Демо – версия документа