«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 613 Қаулысы (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 613 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығына сәйкес және спорттағы дарынды балалардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары үшін спорт резервінің орталықтандырылған даярлығын қамтамасыз ететін ұйымдастыру жағдайын жасау болып белгіленсін.
Демо – версия документа