(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.13.04. № 342 ҚАУЛЫСЫ
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және
2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 342 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысында:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "мемлекеттік ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбындағы "мемлекеттік ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының радиожиiлiктерi жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер-
Алтай Абылайұлы Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, төраға
Бектасов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбен Ағыбайұлы және байланыс агенттiгiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары
Әбiлғазин - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Байтемiрұлы коммуникация вице-министрi
Редакция документа
Демо – версия документа