Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 16.07.99 Ж. № 429-1 ҚР ЗАҢЫ

Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын
мемлекеттік реттеу туралы 1999 ж. 16 шілдедегі № 429-1
Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 19 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.

10.03.04 ж. № 534-11 (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңдарымен 1-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен астам болатын тамақ өнімі;

2) айналым - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу;

3) көтерме саудада өткізу - уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес алкоголь өнімін қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде шығару;

4) бөлшек саудада өткізу - алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жабдықталған сауда залы бар және фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақталған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ стационарлық үй-жайлардың жанындағы жазғы алаңшаларда тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатқа пайдалану үшін сату;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку