Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесі» (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

 министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы

№ 316 бұйрығымен бекітілген

 

 

 

Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесі

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.12.07. № 443 Бұйрығымен күші жойылды

 

 

1. Жалпы ереже

 

1. Осы Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесі Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 1-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы дақылдары қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының болуынан толықтай және шамалы жойылған ретте өнімнен болжанатын кірісті есептеу үшін арналған.

2. Өнімнен болжанатын кірісті есептеу сақтандырушының өтініші бойынша ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органымен құрылатын қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған егістік алқабының көлемін анықтау жөніндегі комиссиямен жүзеге асырылады.

 

 

2. Өнімнен болжанатын кірісті есептеу тәртібі

 

3. Өсімдік шаруашылығындағы болжанатын кірісті, сол сияқты қолайсыз табиғат құбылыстары болған кезде шығындарды бағалау табиғи климаттық аумақтың шегінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру келісімін жасау жылының жағдайын сараптау негізінде өнімнің күтілетін маусымдық бағасын пайдаланумен жүзеге асырылады.

4. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру келісімін жасау сәтіндегі өнімнің күтілетін маусымдық бағасын болжау үшін маусымдық бағалау индексі пайдаланылады. Бағалардың маусымдық индексін есептеу екі тәсілдің біреуімен есептеледі.

Бірінші тәсілде кейінгі 3-5 жылдардағы ай (тоқсан) бойынша өнімнің бағалық деректері пайдаланылады. Маусымдық индексті есептеу тәртібі мынадай:

1) бағалау тренді және сол бойынша теңдестірілген баға ^yij есептелінеді, мұндағы і - жылдың нөмірі, j - айдың (тоқсанның) нөмірі;

2) маусымдық индексті dij есептеу үшін әр ай бойынша бағаның нақты деңгейі тренд бойынша есептелген сәйкес бағаға ^yij бөлінеді, мұндағы і - жылдың нөмірі, j - айдың нөмірі;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку