Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 491 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі
№ 306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 491 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясы арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

мәтіндегі «Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздер «Мәдениет және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Нұрай Нұрғожаұлы Оразов» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі Ардақ Дүкенбайұлы Досжан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку