«Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 325 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
8-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің инвестиция мәселелерін қадағалайтын көмекшісі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кеңестің шетелдік тараптан құрамына байланысты мәселелерді қарау мақсатында Кеңестің шетелдік тараптан құрамын реттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, оның құрамы Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.»;
бірінші абзацта:
«жұмыс органы» деген сөздер алып тасталсын;
1)-7) тармақшалардағы «қатысуын», «беделін», «маңыздылығын», «қызметін», «дайындығын», «қатысуын», «ұсынымдарын ескереді» деген сөздер тиісінше «қатысуы», «беделі», «маңыздылығы», «қызметі», «дайындығы», «қатысуы», «ұсынымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «міндеттерін» деген сөзден кейін «және экологиялық сипаттағы міндеттерін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынандай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым салаларындағы халықаралық ұйымның немесе шетелдік компанияның қызметі ескеріледі.»;
Демо – версия документа