Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 390 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 390 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

5-тармақтағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздер «Төтенше жағдайлар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Ғаббасов                 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

Сырым Ғаббасұлы            министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын

                           алу және перспективалық даму

                           департаментінің директоры, хатшы

 

Қуанғанов                - Қазақстан Республикасының Білім және

Фархад Шаймұратұлы         ғылым вице-министрі;

 

көрсетілген құрамнан Нұрбаев Орман Кәрімұлы, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку