(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2004 Ж. 10 НАУРЫЗДАҒЫ № 533-II ҚР ЗАҢЫ
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы 2004 жылғы 10
наурыздағы № 533-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органын» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органның» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органға» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органы» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы Заң өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1) тамақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) агент - өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлінген қаражатты басқаруға арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлға;
2) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - бағалау қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тамақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егістің толық жойылуы - егіске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерінің салдары, мұндай жағдайда өнімді одан әрі өсіруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түседі;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тамақшамен толықтырылды
3-1) өнім алудан түсетін болжамды кіріс - өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес комиссия айқындайтын кіріс;
Редакция документа
Демо – версия документа