Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 369 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы
№ 369 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 292-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанының реттік нөмірі 3-жолының бірінші сөйлемі «саласында» деген сөзден кейін «, дәрілік заттар айналымы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку