Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Осы редакция 2007 ж. 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикас

Индустрия және сауда

министрлігінің Техникалық

реттеу және метрология

комитеті Төрағасының

2005 жылғы 22 сәуірдегі

№ 119 бұйрығымен

бекітілген

 

Шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік
белгілерін, сынақ хаттамаларын және сәйкестікті растау
саласындағы өзге құжаттарын құптау ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарын құптау тәртібін белгілейді.

2. Осы Ереже сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына), сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларға, республикаға шеттен әкелінетін өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг және бақылау жасауды, өнімнің кедендік ресімделуін және кедендік бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сонымен қатар ішкі экономикалық қызметтерді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға міндетті.

3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:

1) импорттаушы - өнімдерді (тауарды) Қазақстанның ішкі рыногында өткізу үшін шеттен әкелетін заңды немесе жеке тұлға;

2) сәйкестік сертификатын ұстаушы - өнімнің өндірісін сәйкестікті растау бойынша орган өнімге ілеспе сәйкестік сертификатын немесе оның өкілетті орган белгілеген тәртіппен ресімделген көшірмелерін беру құқығымен сертификаттаған заңды немесе жеке тұлға;

3) құптау (сәйкестікті растау саласында) - Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау бойынша органы өтінім берушідегі шет елдік сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сынақ хаттамасының немесе сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттардың негізінде өнімнің, қызметтердің немесе процестің қауіпсіздігін жазбаша растайтын процедура.

Осы Ережедегі өзге анықтамалар "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Кедендік кодексіне сәйкес қолданылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку