Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Осы редакция 2007 ж. 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2006 жылғы 26 сәуірдегі

№ 329 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Туризм индустриясы комитеті туралы ереже
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің құзыреті шегінде және заңнамаға сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ туристік қызметті реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеті туристік индустрияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы туралы туризм және кластерлік бастамалар үшін қолайлы ел ретіндегі ұғымды қалыптастыруға бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға, өзгеде нормативтік құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің органдарында және банктерде шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.

5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Әуезов көшесі, 126.

6. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесі.

7. Осы ереже Комитеттің құрылтайшылық құжаты болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку