Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 280 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 280 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 6-тармақтың 10) тармақшасындағы «, инвестициялар» деген сөз алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 8-жолдар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:

«14. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку